Түйінді фактілер

CM 16 "Flex" иілгіш желімдеуіш ерітіндісі

Ceresit CM 13 "Express" Тақташаға арналған жылдам қататын желім

Ішкі және сыртқы жұмыстар кезінде керамикалық тақташаны жылдамдатылған бекітуге арналған желімі.

Қасиеттері 

  • тігістерді толтыру тіпті 3 сағаттан кейін мүмкін болады;
  • суға- және аязға төзімді;
  • тақташаның сырғып түсуіне төзімді;
  • ішкі және сыртқы жұмыстарға жарайды;
  • экологиялық қауіпсіз;
  • негізге жоғары жабысқақтық.

Сипаттамасы

СМ 13 желімі су сіңіргіштігі ≥ 3% және өлшемі 40х40 см дейін керамикалық және тас тақтайшаларды пішіні өзгермейтін минерал негіздерде, қабырғалар мен едендерде, ғимараттардың іші мен сыртында жеделдетілген бекіту үшін арналған.

СМ 13 желімі объектіні жедел тапсыру қажет болған кезде тақтайша қаптауыштарын жөндеу кезінде пайдаланған жөн. Ceresit СМ 13 желімі дәліздерле, өтпелерде және баспалдақ алаңдарында қаптау жұмыстарын орындау кезінде таптырмайтын құрал.

Қадамдық нұсқаулық

Негізді дайындау

CM 13 құрамында жабысулықты нашарлата алатын заттар жоқ кез келген таза, берік, жүк көтеретін, біркелкі, құрғақ және ылғалды негіздерге жағылады. Тегіс емес учаскелерді немесе қуыстарды алдын ала тегістеу қажет (Еденге және ішкі әрлеуге арналған Ceresit фиништік қоспалары қараңыз). Жүк көтеретін қабілеті жеткіліксіз жабындарды жою қажет. Гипс/ангидрид немесе лак бояу жабындары (борсыз, жабысулығы жақсы) механикалық өңделген және шаңнан тазартылған болуға тиіс.
CM 13 желімін жағар алдында түптөсемнің қалдық ылғалдылығын тексеріңіз! Адсорбциялайтын негіздерді Ceresit астарымен астарлау қажет.
Өтінеміз, техникалық төлқұжатпен танысыңыз!

Араластыру

Қаптаманың ішіндегісін таза суық судың өлшенген көлеміне салыңыз да араластырғыш бұрғымен түйірсіз біртекті қоспа шыққанша араластырыңыз. 5 минут күтіңіз (пісу уақыты), ал сосын қайтадан араластырыңыз. Қажет болған кезде қалайтын консистеніцияға жеткенге дейін суды ақырын қосып отырыңыз.

Қолдану

Ерітіндіні тақташаның мөлшеріне қарай тиісті тісті қалақшамен жағуға тиіс. Үй-жайлардың ішінде пайдалану үшін тақташаның артқы жағындағы ерітіндімен жабылған жер (байланыс ауданы) кемінде 65% құруға тиіс. Сыртқы пайдалану үшін 90% минималдық жабу деңгейі талап етіледі (біріктірілген төсеу әдісін пайдалану қажет, сонымен қатар тақташаның кері жағына ерітіндінің жұқа қабатын жағу қажет). Жаңа дайындалған ерітіндінің артығын сумен жоюға болады; қатқан ерітіндіні тек механикалық тұһүрінде кетіруге болады.
CM 13 тек ылғалдық жоқ болған кезде және + 5 ° C-тан + 30 ° C дейінгі температурада пайдаланыңыз.

Ілеспе бұйымдар / жүйелер