Түйінді фактілер

R 710 полиуретан желімі

R 710 полиуретан желімі

Едендік жабындыларға арналған, ішкі және сыртқы жұмыстарға арналған ылғалға төзімді және ауа райы жағдайларына төзімді желім

Қасиеттері

  • Электр статикалық зарядтың жиналуын болдырмайды
  • Жүктемелерге және кернеуге жоғары төізмділік
  • Ылғалға төзімді және атмосфераға төзімді
  • Жоғары шығуы

 

Сипаттамасы

R 710 берік желімі, мысалы, ашалы тиегішпен, ылғалды үй-жайлардағы ылғалмен немесе жоғары температуралармен шақыртылған жоғары жүктемелерге және кернеулерге төзімді.
"Бұл істемейді" деген - біздің нұсқамыз емес! Бұл біздің R 710 қуатты екікомпоненттік арнайы желіміміздің ұраны болу мүмкін. Осы балуанның мамандығы - жоғары берікті, төзімді және тұрақты байланыстар.
Ішкі және сыртқы жұмыстар үшін.
Автобустарда, трамвайларда, лифттерде және жолаушы басқыштарында, яғни ауа райының және ылғалдықтың әсері экстремалдық көлік жүктемелермен қиыстырған жерлерде, біздің R 710 желіміміз жоғары танушылық деңгейіне ие болды. R 710 полиуретан желімі түрлі негіздерде, оған қоса күрделі төсемдерде де, қолданылу мүмкін. Едендік жабындыларды тіпті металдарға және басқа жылтыр беттерге де сенімді желімдеуге болады.
Қолдану саласы
Полиуретан желімі резеңке тақталарын (мысалы, Norament), дизайнерлік жабындыны (сәндік ви.нил тақташалары), ПВХ және кварц винил тақталарын, сонымен қатар тақташа немесе бетон, керамика немесе фаянс жабындылары сияқты кәдімгі едендік жабындыларды желімдеу үшін қолдануға болады. Ол сонымен қатар полистирол, ағаш және құрылыс тақталары сияқты материалдарды желімдеу үшін жарайды.
R 710 негіздерге байланғыш емес. Ол сіңіргіш және сіңірмейтін төсемдерде - тіпті өнеркәсіптік және коммерциялық ғимарттардың ауыр жағдайларында да, жұмыстар үй-жайда немесе ашық ауада жүргізілетініне қарамастан, жақсы жұмыс істейді.
Негізді өңдеген кезде ауыр жағдайларда қолдану үшін мақұлданған астарды және тегістеуіш қоспаларды таңдағанда сақтық сақтауға тиіс.
Сыртқы аймақтарда, сонымен қатар топырақпен тікелей байланыста болатын негіздердегі үй-жайларда, төменгі қабатты ылғалдықтың капиллярлық көтерілуінен герметтеу үшін әрқашан Ceresit R 755 астарларын қолданыңыз. Ceresit R 710 полиуретан желімі денсаулықты қорғау, үй-жайдағы ауа сапасына және экологиялық қауіпсіздік бойынша қойылатын ең жоғары талаптарға сәйкес келеді.

Қадамдық нұсқаулық

Негізді дайындау

Негіздер таза, құрылымдық ақауларсыз, қатты, құрғақ және жабысулықты нашарлататын заттардан бос болуға тиіс. Негізді механикалық өңдеуден кейін (мысалы, ажарлау / шаңсорғышпен тазарту) оны едендік жабындыны төсеуге дайындап тиісті астармен және тегістеуіш қоспалармен астарлаңыз. Негіздерді дайындау туралы толығырақ Техникалық төлқұжатты қараңыз. 

Қолдану

Желім ыдыстың түрлі бөлімдерінде жеткізілетін екі компоненттен (шайыр және қатайтқыш) тұрады. Өткір аспаппен пластик тығында және ыдыстың қақпағы ретінде әрекет ететін жоғарғы контейнердің төменгі жағында бірнеше тесік жасаңыз. Қатайтқыш толығымен төменгі ыдысқа құйылу үшін жоғарғы контейнерді сәл көтеріңіз. Шайырды және қатайтқышты саптамасы бар электр бұрғымен қоспа бертекіт болғанша кемд дегенде 2 минуттың ішінде жақсылап араластырыңыз.
Өнімді қолдану туралы толығырақ ақпаратты Техникалық төлқұжатта қараңыз.