Түйінді фактілер

CM 12 "ELASTIC"

Ceresit CM 12 "ELASTIC"


Ішкі және сыртқы жұмыстар кезінде ірі форматты керамогранит және минерал еден тақташасының басқа түрлерін бекітуге арналған желім

Қасиеттері

  • Ішкі және сыртқы жұмыстарға арналған, сонымен қатар ылғалды үй-жайлар үшін келеді (тұрмыстық және қоғамдық аймақтар)
  • Деформацияланбайтын және герметтелген төсемдерде
  • Жылы едендерде қолдануға арналған
  • Фаянс және фарфор тақташаға арналған
  • Су мен аяздың әсеріне төзімділік
  • Өте жақсы жұмыс параметрлері

Сипаттамасы

Ceresit CM 12 желімдегіш ерітіндісі фаянс және басқа қыш, цемент және табиғи тастарды (түсін кетірмей) үй-жайда және ашық ауада төсеу үшін арналған. Ceresit CM 12 ерітіндісін су кіруіне шалдыққан орындарда және жылытуы бар едендерде қолдануға болады. CM 12 орташа қабатының ерітіндісі ретінде тақташа төсеу алдында тереңдіктері 8 мм дейін қуыстарды жөндеу және тегістеу мақсатында жағуға болады.

Қадамдық нұсқаулық

Негізді дайындау

CM 12 құрамында жабысулықты нашарлата алатын заттар жоқ кез келген таза, берік, жүк көтеретін, біркелкі, құрғақ және ылғалды негіздерге жағылады. Тегіс емес учаскелерді немесе қуыстарды алдын ала тегістеу қажет (Еденге және ішкі әрлеуге арналған Ceresit фиништік қоспалары қараңыз). Жүк көтеретін қабілеті жеткіліксіз жабындарды жою қажет. Гипс/ангидрид немесе лак бояу жабындары (борсыз, жабысулығы жақсы) механикалық өңделген және шаңнан тазартылған болуға тиіс.
CM 12 желімін жағар алдында түптөсемнің қалдық ылғалдылығын тексеріңіз! Адсорбциялайтын негіздерді Ceresit астарымен астарлау қажет.
Өтінеміз, техникалық төлқұжатпен танысыңыз!

Араластыру

Қаптаманың ішіндегісін таза суық судың өлшенген көлеміне салыңыз да араластырғыш бұрғымен түйірсіз біртекті қоспа шыққанша араластырыңыз. 5 минут күтіңіз (пісу уақыты), ал сосын қайтадан араластырыңыз. Қажет болған кезде қалайтын консистеніцияға жеткенге дейін суды ақырын қосып отырыңыз.

Қолдану

Ерітіндіні тақташаның мөлшеріне қарай тиісті тісті қалақшамен жағуға тиіс. Үй-жайлардың ішінде пайдалану үшін тақташаның артқы жағындағы ерітіндімен жабылған жер (байланыс ауданы) кемінде 65% құруға тиіс. Сыртқы пайдалану үшін 90% минималдық жабу деңгейі талап етіледі (біріктірілген төсеу әдісін пайдалану қажет, сонымен қатар тақташаның кері жағына ерітіндінің жұқа қабатын жағу қажет). Жаңа дайындалған ерітіндінің артығын сумен жоюға болады; қатқан ерітіндіні тек механикалық тұһүрінде кетіруге болады.
CM 12 тек ылғалдық жоқ болған кезде және + 5 ° C-тан + 30 ° C дейінгі температурада пайдаланыңыз.