Түйінді фактілер

Ceresit СЕ 33 Super тар жапсарларға арналған үйкегіш

Ені 6 мм дейінгі тар жапсарларға арналған ерітінді, қыш және фарфор тақташаға арналған.

Қасиеттері

  • Жарқыраған түстер
  • Жапсарлардың біркелкілігі
  • Қолдану оңайлығы
  • Қабырғалар және едендер үшін
  • Ішкі жұмыстар үшін, оның ішінде ылғалды орын-жайлар үшін
  • Қыш және шыны тақташа, фарфор, мозаика үшін

Сипаттамасы

Тар жапсарларды үйкелеуге арналған ерітінді, қолдануда оңай, керамикалық қабырғалардың және едендік жабындылардың, шыны және фарфор мозаикасының жапсарларын толтыруға арналған. СЕ 33 өте жоғары толтырғыш қабілеті және оңай шайылатындығы жылдам және тиімді үйкеп теігстеуді қамтамасыз етеді.

Қадамдық нұсқаулық

Дайындау және араластыру

Желімтек ерітінді ұсталып кебу керек, ал жапсарларды желім қалдықтарынан және ластанулардан тазарту қажет.
СЕ 33 қажетті көлемін таза су бар шелекке қаптамада көрсетілген ара қатынаста төгіңіз. Қондырмасы бар электр бұрғымен түйірлерсіз біртекті қоспа шыққанға дейін араластырыңыз. Ерітінді піскен үшін 3 минутқа қалдырыңыз, сосын қайтадан араластырыңыз.

Қолдану

Ерітіндіні үйкелеу аспабымен жапсарлар толық толтыру үшін қабырғаға немесе еденге жағыңыз.

Тазарту

Ерітінді қатая бастағаннан кейін (саусақтар ұгымен тексеріңіз), жұмыстар жүргізу аймағын кішкене суы бар ылғалды губкамен тазартыңыз. Екінші тазартуды таза сумен қиғаш қимылмен орындаңыз.

Products