Key Facts

Ceresit CR166 Созымды гидрооқшаулағыш масса

Созымды су өткізбейтін жабындарды салуға арналған екі компонентті майлағыш гидрооқшаулағыш.

Қасиеттері

  • бу өткізбейтін;
  • созымды;
  • аязға төзімді;
  • 0,9 мм дейін ашылған жарықтарды жабады;
  • тұздың және сілтінің жеміруіне төзімді;
  • бетонның карбондаудан қорғалуын қамтамасыз етеді;
  • қылқаламмен оңай жағылады;
  • сыртқы және ішкі жұмыстарға жарамды;
  • экологиялық қауіпсіз.

Қолдану саласы

CR 166 гидрооқшаулағыш массасы азаматтық және өнеркәсіптік құрылыста ішкі және сыртқы жұмыстарды жүргізген кезде, тік болсын, көлденең болсын, тұздалмаған минералды негіздерде, оның ішінде пішіні өзгеруіне шалдыққан созымды гидрооқшаулағыш жабындарды құрастыру үшін арналған.

CR 166 қолданылады:

  • іргетастарды, гидротехникалық құрылыстарды, террасаларды, балкондарды, ғимараттардың жердің деңгейінен төмен орналасатын элементтерін және т.б. гидрооқшаулау үшін;
  • бассейндердің (оның ішінде ашық) және шаруашылық-ішу мақсатындағы суға арналған резервуарлардың жиналмалы және монолитті ванналарын ішкі гидрооқшаулау үшін;
  • бетон және темірбетон құрылыстарды нөсер жауыннан, шашырандылардан, тұманнан және т.б. қорғауға арналған түпкілікті жабын ретінде;
  • бетонды карбондаудан қорғауға арналған түпкілікті жабын ретінде (пирстарда, тіреу қабырғаларда, тоннельдерде, көпірлерде, градирняларда, тіреулерде).

Жұмыстарды орындаған кезде CR 166 гидрооқшаулағышы гидростатикалық қысымның әсерінен басып қысуға жұмыс істеуге тиіс болғанын назарға алу қажет.

CR 166 көмірқышқылды газдың диффузиясына іріктемелі кедергі жасайды және бетонды карбондау нәтижесінде жемірілуден тиімді қорғайды.

CR 166 массасының сілтілерге, таңайтқыштарға (pH > 4,5), гидравликалық майға, натрий хлоридінің 10%-дық ерітіндісіне, натрий гипохлоритіне, натрий карбонатына (содаға), қантқа, аммиактың 10%-дық ерітіндісіне, ацетонға химиялық төзімділігі жоғары.

CR 166 гидрооқшаулағыш массасын гипс және ангидрит негіздерге салуға болмайды.

Гидрооқшаулағыш қоспа су әсер ететін жақтан салынады.

 

Step By Step

Негізді дайындау

Негіз тығыз, тегіс, сіңіргіш, бу өткізбейтін және жабысқақтықты төмендететін заттардан (шаңнан, тұз дақтарынан, майлардан, битумнан және т.б.) тазартылған болуға тиіс. Беттің осал, шашылатын учаскелерін, қатпарларды, сырлау жабындарын, әк сылақтарды жою қажет. Жарықтарды тазартып СХ 5 қоспасымен толтыру керек. Терең ойдымдар мен тегіс емес жерлерді цемент ерітіндісімен, бетонмен немесе жөндеу қоспасымен, мысалы, СТ 29 немесе Ceresit Сылақпен толтыру керек. Бетонның, цемент-құм сылақтардың және тұтастырғыштардың "жасы" CR 166 жағу сәтіне дейін ≥ 28 тәулік болуға тиіс. Қалау тігістері цемент ерітіндісімен толығымен толтырылған болуға тиіс, шашылатын тігістерді ~ 2 см тереңдікке тазартып СТ 29 немесе Ceresit Сылақпен толтыру керек. Құрылымы әртекті негіздерді, мысалы, кірпіш-тас қалауларды, цемент сылақпен, мысалы, СТ 29 сылағымен тегістеу керек.

CR 166 жағар алдында негізді айғыздар мен су жиналуын болуына жол бермей, қаныққанға дейін ылғалдандыру қажет. Бұрыш аймақтарында цемент-құм ерітіндісінен немесе СХ 5, СТ 29 немесе Ceresit Сылақтан радиусы ≥ 3 см галтельдерді (жұмырлықтарды) дайындау керек, ал сыртқы бұрыштарда - 45° бұрышпен қиықжиектерді жасау керек. Деформациялық және біріктіруші тігістерді, ашылатын жарықтар, сондай-ақ галтельдерді дайындау мүмкін болмайтын түйістерді (судың негативті қысымы болмайтын шартпен) CL 152 таспасының көмегімен қымтау ұсынылады. Таспаны CR 166 созымды гидрооқшаулағыш массасы көмегімен гидрооқшаулау қабаттары арасына желімдейді.

 


Жұмыстарды орындау

Ерітінді қоспасын дайындау үшін құрғақ қоспаны (А компоненті) түйірлер жоқ біртекті массаны шығартып, араластырған кезде эластификаторға (Б компоненті) біртіндеп қосады. Араластыруды миксердің немесе айналу жылдамдығы 400-800 айн/мин кезінде тұтқыр қоспаларға арналған саптамасы бар бұрғының көмегімен жүргізеді. Сосын ерітінді қоспасы пісу үшін 5 минут технологиялық үзілісті ұстайды және тағы бір рет араластырады. Ерітінді қоспасы дайындалған сәтінен бастап 1 сағат ішінде жұмсалуға тиіс. Гидрооқшаулағышты 2 немесе 3 рет өтіп жалпақ қылқаламмен немесе шөткемен алдын ала ылғалдандырылған негізге жағады. Материалмен жұмыс істеген кезде айқас жағу ережесін ұстану керек (яғни құрал-сайман қозғалысының бағыты әр кейінгі қабатты жаққан кезде алдағысын жаққан кезде қозғалыстарға перпендикуляр болуға тиіс). Бірінші қабатты жалпақ қылқаламмен жағу алдында Б сұйық компонентінің массасынан 10% дейін суды қосуға жол беріледі, екінші қабат суды қоспай темір қалақшамен жағылады. Әр кейінгі қабатты тіпті қатайған, бірақ әлі ылғалды болған алдағы қабатқа жағады. Қалыпты жағдайларда, температура +20°С болғанда және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60% болғанда, гидрооқшаулау қабаттарын ~ 3 сағаттан кейін жағуға болады. Жұмыстарды аяқтар алдында CR 166 қабаты қалыңдығының талап етілетін қалыңдыққа сәйкес келетініне көз жеткізу керек. Керамикалық тақташаларды бекіту CR 166 жағудан кейін 3 тәуліктен кейін мүмкін болады. 7 тәуліктен кейін гидрооқшаулағыш қабат толық гидравликалық жүктемелерді қабылдай алады. Гидрооқшаулағыш массаның кеппеген қалдықтарын судың көмегімен, ал кеуіп кеткендерін - тек механикалық түрде кетіруге болады.

Ілеспе өнімдер / жүйелер