Негізді дайындау
Минералық негіз тегіс, қатты, көтеруші қабілеті жақсы, таза, жабысулықты төмендететін жарықтар мен заттарсыз болуға тиіс. Беттің ілінісуі жақсы бұдырлы, ашық құрылымы болу керек. Барлық шеттері кесілген немесе орылған болуға тиіс. Барлық бұрыштарды радиусы кем дегенде 4 см қуысы бар қаптаумен дөңгелектеңіз. Барлық ақауларды жойыңыз, ойықтарды тегістеңіз және жапсарларды толтырыңыз, мысалы, СТ 23 жөндеу ерітіндісімен немесе CN 91 қабырғаларды және еденді жөндеуге арналған ерітіндісімен. Жарықтарды ажыратыңыз және оларды балама ретінде цементерітіндісімен толтырыңыз, немесе жарықтарды СК 710 эпоксид шайырымен толтырыңыз. Егер кірпіш қалауы әркелкі, көптеген топпақтары және ақаулары болса, онда оны цемент ерітіндісімен тегістеңіз. Міндетті түрде негізді жақсылап дайындаңыз. Қабырғаларды және іргетастарды орынжайда немесе ашық ауада гидрооқшаулау кезінде, мысалы, ылғал кері енген жағдайда учаскелерді СО 81 инъекциялық сұйықтықпен алдын ала өңдеңіз. Кері жағынан гидрооқшаулау кезінде негіздің механикалық беріктігі жеткілікті болуға тиіс.